QDoc сенімді бағдарламалық құрал тізіміне енгізілді
Процестер мен құжаттарды цифрландыру жүйесі Қазақстан Республикасының электрондық өнеркәсібінің сенімді бағдарламалық құралдары мен өнімдерінің тізіміне енгізілді.
Жүйе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің шешімі негізінде Тізілімге 06.04.2023 күні № 18967 жазбамен енгізілді.
QDoc инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды компанияларға сатып алу кезінде бірінші кезекте ұсынылатын болады. Мұндай компанияларға міндетті түрде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және маңыздылығы жоғары ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің иелері кіреді.
QDoc-ты тізілімге қосу, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 "Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздік әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау критерийлері. 3 бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" жүйенің 4 сенімділік деңгейіне сәйкес келетіндігін растайды.
«QDoc — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, БҚ қолдануға мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтерге және жеке компанияларға арналған жүйе.
Жүйеде бизнес пен мемлекеттік сектор үшін бірдей маңызы бар құралдар бар. QDoc құпия құжаттардың сақталуына кепілдік береді, On-Premise және SaaS жеткізу нұсқаларын ұсынады, компанияның талаптарына және кіріктірілген аналитикаға — қызметкерлердің жұмысын бағалау үшін өзін-өзі бейімдеу мүмкіндіктерін қамтиды.»
Артем Игнатович, CEO ESM System, QDoc әзірлеуші компаниясы.