Рус

Закажите демонстрацию системы QDoc

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз

Leave your contact details and we will get back to you

Появились вопросы?

Сұрақтарыңыз бар ма?

Do you have any questions?

Задайте их и мы ответим вам

Контактілеріңізді қалдырыңыз, біз сізге қайта қоңырау шаламыз

Leave your contact details and we will call you back

28.03.2023

Қазақстанның АҚ нарығында жаңа жүйе пайда болды

QDoc процестері мен құжаттарын цифрландыру жүйесін ESM System компаниясы жасақтап шығарды. Жүйенің дайын шешімдері қызметкерлердің барлық санаттарының тиімділігін арттырады. Әртүрлі шешімдердің арқасында компаниялар кез келген мазмұнды және оған қатысты процестерді сандық түрге көшіре алады.

QDoc жобасын жасақтаушы, ESM System стартапы Abi.kz. компаниялары құрамына кіреді. QDoc жобасын жасақтаушы, ESM System стартапы Abi.kz компаниялар тобына кіреді. Нарықта 10 жылдан астам қызмет көрсететін Abi.kz 100-ден астам тұтынушылар сұранысымен АҚ-жобаларды жасақтады. Жаңа жүйені құру туралы шешім Abi.kz тұтынушыларының және мемлекеттік және коммерциялық сектордағы басқа компаниялардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пайда болды.

ESM жүйесі электрондық құжат айналымы жүйелеріне қойылатын ағымдағы бизнес талаптарының пулын анықтады (ЭҚА):

  • жасақтаушының көмегінсіз ЭҚА өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі;
  • жүйе контурында құпия құжаттардың сақталуы;
  • деректерді көшіруді, оларды қолмен тасымалдауды және жаңартуды қажет етпейтін интеграцияның кең мүмкіндіктері;
  • қызметкерлер мен бөлімдердің қаншалықты тиімді жұмыс істейтіні туралы ақпаратты жинақтау.

QDoc процестері мен құжаттарын цифрландыру жүйесі жоғарыда сипатталған қызметтерді қамтиды және классикалық ЭҚА аясынан тыс тапсырмаларды орындауға арналған.

Болашақ тұтынушылар жаңа өнімнің көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады. Оның ішінде тіпті администраторлардың өздеріне шектеу қоятын құжаттарды цифрлау, процессторды визуалды өңдеу, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін сараптау дашборды ұсынылады. Жүйенің функционалдығы заманауи жобаларды басқару құралдарымен толықтырылған. Олар: Agile тақталары және Гант диаграммасы.

Зияткерлік қызметтер QDoc құрамындағы құжаттардан мәліметтерді (реквизиттерді) алып, оларды жүйеге тіркейді де, карталарды толтырады.

Дайын шешімдерді қораптан оңай шығарып, no-code-үйлестірушілері және low-code-шешімдері көмегімен компания қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады.

«QDoc жобасы тұтынушылар талаптарын толық қанағаттандыратын қызметтердің алуан түрлі мүмкіндіктерінен тұрады. Жүйе мазмұнды басқаруға арналған модульдер мен шешімдерді, BPM қызметтерін және сыртқы жүйелермен біріктіру құралдарын, деректерді өңдеуге арналған AI қызметтерін қамтиды және корпоративтік ақпараттың кепілдік берілген қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біз QDoc жобасының артықшылықтарына баса назар аудара отырып, сатылымды бастағанымызды қуанышпен хабарлаймыз»

Артем Игнатович, ESM жүйесінің бас директоры, QDoc жасақтаушысы

2023 жылдың 13 тамызына дейін барлық тұтынушылар үшін қолайлы шарттар ұсынылады: бағдарламалық қамсыздандыруды жеткізіп беруге 30% жеңілдік.

Арнайы шарттар туралы қосымша ақпаратты ұсынамыз

Форманы толтырсаңыз, 1 жұмыс күні ішінде жан-жақты ақпарат беру мақсатында біз сізбен байланыс орнатамыз.

 
1